Алғыс айту күні: бірлік пен ізгілік мерекесі

Задать вопрос
28 февраля 2025

Алғыс айту күні: бірлік пен ізгілік мерекесі

Құрметті оқырмандар!

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында, Жастар ресурстық орталығы сіздерді игі істерге толы 10 күндік іс-шараларға қатысуға шақырады. Бұл бастамалар жастар мен қоғам мүшелерін қайырымдылыққа, мейірімділікке баулып, бірлігімізді нығайтуға бағытталған. Бұл күн – өзара ризашылық пен құрмет көрсетудің, адамдар арасындағы сенім мен ынтымақтастықты арттырудың символы.

«Ізгі істеріңіз үшін алғыс білдіреміз» – К. Күмісбеков ескерткішінің жанында арнайы Алғыс тақтасы орнатылады. Әрбір азамат өздеріне көмек қолын созған жандарға алғыс хаттарын қалдыра алады.

Қайырымдылық жинағы – Мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек және қаржылай көмек жинау шарасы өтеді. Бұл акцияға қатысу арқылы әрбір азамат қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық көрсете алады.

«Рахмет, жанымда болғаныңа» – Жақын жандарға құрмет көрсетуге арналған шара. Достарға, әріптестерге немесе өмірге оң әсер еткен адамдарға алғыс айту ұсынылады.

«Дәрігерге алғыс» – Ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалайтын шара. Азаматтар медициналық қызметкерлерге алғыс хаттарын немесе шағын сыйлықтарын жолдай алады.

«Қарттарға көмек» – Еріктілер қарт адамдарға көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізу, үй жинау арқылы қолдау көрсетеді.

«Ұстаздарға алғыс» – Оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға ризашылықтарын білдіре алады.

«Назарларыңызға рақмет» – Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге қолдау көрсетіп, алғыс білдіруге арналған акция.

«Алғысыңмен бөліс» – Әлеуметтік желілерде #АлғысКүні немесе #СағанРақмет хэштегтерімен алғыс сөздерін бөлісуге шақыратын бастама.

«Батырларымызға алғыс» – Әскерилерге, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне арналған алғыс айту акциясы.

Жастар ресурстық орталығы сіздерді осы игі бастамаларға қосылуға шақырады. Бірге болайық, ізгілікке ұмтылайық.

 

Жаманбаева Малика, Жастар ресурстық орталығының SMM-маманы

 

 

 

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку