Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

Задать вопрос
15 апреля 2026
Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

????Сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді. 

– Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды іске асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл құжат алдағы кезеңге арналған сауда-экономикалық ықпалдастығымыздың жол картасына айналады, – деді Түркия Вице-президенті.

????Джевдет Йылмаз жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

????Мемлекет басшысы осы тарихи сәтте бауырлас түрік халқының қолдауын сезінгенін, Түркиядан келген байқаушылар референдумға ерекше атсалысқанын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку