Қорғалжын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Задать вопрос
5 июня 2026
Қорғалжын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Эколог күніне орай Қорғалжын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары, еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық орындар, мекеме аумақтары, саябақтар мен скверлер тазартылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.

Таза әрі көрікті аудан – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты аялауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

#ТазаҚазақстан #ҚорғалжынАуданы #ЭкологКүні #ҚоршағанОртаныҚорғау #ТазаАуыл #БіргеТазартамыз
Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку