23 тамыз – ел болашағына ортақ жауапкершілік
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына деген азаматтық ұстанымын білдіретін мүмкіндік.
Спорт саласының ардагері ретінде елдің ынтымағы мен тұрақтылығын әрдайым жоғары бағалаймын. Жастардың тәрбиесі, бұқаралық спорттың дамуы, ауыл-аймақтың өркендеуі – қоғамның бірлігі мен белсенді азаматтық ұстанымға тікелей байланысты.
Сондықтан барша тұрғындарды 23 тамыз күні өз таңдауын жасап, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Әрбір дауыс – ел дамуына қосылған үлес.
Шайхин Қабдулла Қалдайұлы,
спорт ардагері

