Ақмола облысында "Қауіпсіз демалыс – Безопасные каникулы" акциясы аясында 1000-ға жуық бала профилактикалық жұмыстармен қамтылды Ақмола облысында "Қауіпсіз демалыс-Безопасные каникулы" жазғы акциясы аяқталды. Жаз бойы полиция қызметкерлері балалардың сау

Задать вопрос
20 августа 2026
Ақмола облысында "Қауіпсіз демалыс – Безопасные каникулы" акциясы аясында 1000-ға жуық бала профилактикалық жұмыстармен қамтылды

Ақмола облысында "Қауіпсіз демалыс-Безопасные каникулы" жазғы акциясы аяқталды. Жаз бойы полиция қызметкерлері балалардың сауықтыру лагерьлеріне барып, балалармен кездесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз демалысты қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық әңгімелер өткізді.
Биыл Ақмола өңіріне еліміздің барлық қалаларынан балалар келді. Полицейлер сауықтыру мекемелерінде демалып жатқан әрбір баланы профилактикалық және түсіндіру жұмыстарымен қамтуға тырысты.
Кезекті кездесу Зеренді ауданында "Парус " балалар сауықтыру орталығында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық-жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өтті. 
Полиция әр түрлі жастағы балалармен бірден екі кездесу өткізді. Балалардың жасын ескере отырып, құқық қорғаушылар оларға жол қауіпсіздігі ережелері, есірткі қолданудың салдары, буллингке қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
Полиция қызметкерлері балалардың жеке қауіпсіздігі, көшедегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Жазғы маусымда Ақмола облысының балалар сауықтыру лагерлерінде барлығы 1 000-ға жуық бала профилактикалық жұмыспен қамтылды.
Мұндай кездесулерді өткізу ықтимал құқық бұзушылықтардың уақтылы алдын алуға ғана емес, сонымен қатар балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку