Нашақорлыққа жол жоқ: жастар — жарқын болашақтың кепілі

Задать вопрос
22 октября 2026

Нашақорлыққа жол жоқ: жастар — жарқын болашақтың кепілі

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасына және тұтас қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан жас ұрпақты зиянды әдеттерден қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және есірткінің зардаптары туралы ақпараттандыру – маңызды міндеттердің бірі.

Осы бағытта Қорғалжын ауданы Жастар ресурстық орталығы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында бірқатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтқанда, Қорғалжын ауылындағы мектеп-гимназиясында (КШГ) жоғары сынып оқушыларының қатысуымен түсіндіру лекциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы ақпарат беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері нашақорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, есірткі заттарын қолданудың салдары және заң талаптары туралы түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, теріс ықпалдарға қарсы тұру және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.

Жастар ресурстық орталығы мен полиция бөлімінің бірлескен жұмысы аясында тек білім беру ұйымдарында ғана емес, жастар көп шоғырланатын орындарда да ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, компьютерлік клубтарды аралау, ақпараттық буклеттер тарату, есірткіге қатысты граффити жазбаларын жою және қоғамдық орындарда «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай шаралар жастардың зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда есірткісіз өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Нашақорлықтың алдын алу – тек бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір жас өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасай білуі керек. Себебі жарқын болашақ – саналы ұрпақтың қолында.

 

Қорғалжын ауданы Жастар ресурстық орталығы

 

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку