Балык цехы бойынша Коргалжын

Сүйінші

Аты әйгілі Қорғалжын балығы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мереке күндері қарсаңында Қорғалжын ауданында балық өңдейтін арнайы цех ашылды. Аталған цех Ақмола облысы бойынша осы бағытта жұмыс атқаратын жалғыз өндірістік орын болып отыр.

Аудан орталығына жақын орналасқан Абай ауылына арнайы барған Қорғалжын ауданының әкімі Жанбаев Берік Амантайұлы, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлы, маслихат хатшысы Берік Оралбайұлы ашылу рәсіміне қатысып, жаңа жұмыс бастамасына ақ жол тіледі. Кәсіпкер Хасенов Ерсайын мырза шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша өндіріске қажетті құрылғылар алуға 30 млн теңге сомасына несие алған.

Бүгінгі күні кәсіпкер өз есебінен 20 млн. теңге сомасына ауданы 100 шаршы метр өндірістік ғимарат салып, балық өңдейтін цех жұмысын бастады. Алдағы уақытта кәсіпкер балық өнімдеріне жеке-жеке сертификат алған соң, өндіріс жұмысы жүзеге асады. Цехта Қорғалжын ауданының арқаға аты танылған, дәмі тіл үйіретін көл балықтарының барлық түрлері өндіріледі.

Мұнда қатырылған жартылай дайын котлеттер, тартылған балық еті секілді тағам түрлері болады. Дайын өнім ең алдымен Қорғалжын ауданы дүкендеріне сатылымға шығарылып, кейін облыс және Нұр-Сұлтан қаласы көлемінде келісімдер жасалады.

Кәсіпкердің айтуынша кәсіпорынға бастапқы мерзімде 4-5 адам жұмысқа алынып, оларды арнайы жабдықтармен жұмыс жасауға оқыту да жоспарлануда. Осындай бағыттағы кәсіпорын ашуға үш жыл мерзімі жұмсалған. Бұл цехтың жұмысы алға басатын болса, ауданның экономилық әлеуетін көтеруге үлкен табыс әкелетіні сөзсіз.

Вернуться к списку