«Таза Қазақстан»: Астанада Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Задать вопрос
5 июня 2026
«Таза Қазақстан»: Астанада Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Астанадағы Есіл өзенінің жағалауында ерекше экологиялық акция – плоггинг өтті. Іс-шараға «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару, экологиялық жауапты өмір салтын насихаттау және табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға үлес қосу.

Қатысушылар жүгіруді қоқыс жинаумен ұштастырып, жағалау аумағын қоқыстан тазартты.

Акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне арналған іс-шаралардың бір бөлігіне айналып, қатысушыларды табиғатқа ұқыпты қарау мен тазалықты сақтау жолындағы ортақ мақсат төңірегіне ұштастырды.

#ЭкологКүні #ТазаҚазақстан #ӨзіңненБаста
Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку