Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Задать вопрос
5 мая 2026

"Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Айбек Дәдебай атқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Ал Роман Скляр бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары – "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы.

1990 жылы – "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері.

1990-1999 жылдары – "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор.

1999-2002 жылдары – "Тыныс" ЖШС директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003-2005 жылдары – Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылғы қантардан бастап – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылғы сәуірден бастап – Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.

2006 жылы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары – Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті.

2016 жылы – Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты, ҚР парламенті мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйекте президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда президент жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болды және 2023 жылғы 3 сәуірде бұл лауазымға қайта тағайындалды.

2024 жылғы 5 ақпанда президент жарлығымен ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқарушы, ал 6 қаңтарда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку