Туған өлке тарихының парақтары

Задать вопрос
27 января 2022
Туған өлке тарихының парақтары...
Кәзіргі заманда адам баласы бүкіл әлем бойына саяхатқа шыға алады. Бұрын-соңды болмаған сұлулык көріністерге, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктерге таңдана алады. Бейтаныс адамдардың таңғажайып әдет-ғұрыптары мен өмір салтына таң ғалып, үйреніп те жатады. Бірақ жүректің түбінде, өз жеріне, туған табиғатына деген махаббаты сақталып, жылдар бойы өшпейтін сезімге айналады.
 
Туған жер - бұл адамның кіндік қаны тамған туып-өскен жері, туған жер сізді әрқашан, кез-келген уақытта құшағына карсы алады. Бұл таза ауа, күннің жылы сәулелерімен қаныққан қазақтын дархан керемет жерлері. Туған жердің алақан мен шабдалы ағаштары болмаса да, мұнда табиғатымен таза кең даланың ауасы сүйсіндіреді.

Осы деңгейде «Туған өлке тарихының парақтары» саласында - тарихи мәліметтерден басқа, деректемелерге тағыда бір қосымша тарау беті ретінде Теңіз- Қорғалжын табиғатын сипаттаумен қатар, көлдердің шығу тегі, осы көлдердің пайда болуы туралы бір терең белгілі зерттеу тарауы жоқтығы бағытында келтіріліп отыр.

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың (ұшып өтетін) көші-қон жолдары айрығында орналасқан.
Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстандағы және барлық Азиядағы ұшып өтетін құстардың ең маңызды сулы-батпақты алқаптары болып табылады.
Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Рамсар конвенциясының «А» категориялық Сулы-батпақты жерлер тізіміне 2000 жылы Дүниежүзілік «Тірі көлдер» жүйесіне айналды. Жалпы Теңiз – Қорғалжын су айдындары бастарапта бiр айдын болғаны сөзсiз.

Көлдердің табиғи пайда болуына көз жүгіртсек, осы көлдер жүйесінің ең үлкені, ауқымдысы ол Теңіз көлі. Өте тұзды көл (тұздылығы 3-12,7 г/м³). Көлемі 1590 шаршы километр; ұзындығы 75 км, ені 40 км, тереңдігі 8 метрге жетеді (Төменде 1-ші- 2 -ші сурет).

Анықтама. Ғылыми тұрғыда бұл көлдің (көлдердің) пайда болуы құлаған астероид-метеорит кратерінің депрессиясында орналасқан Теңіз көлінің домалақ шеңбері дәлел ретінде көрсетіледі. Метеорит кратерлері пайда болуы, метеориттердің табылуы бор-палеоген (мел-палеоген) шекарасында (66,4 млн.ж.) болуы мүмкін деп тұжырымдалады. Адам қолданған алғашқы темір - сөзсіз метеориттың ұшқындары деп белгіленеді. Ерекше түзілімдердің химиялық құрамын зерттеу үшін платина тобы, темір мен никельге негізделген қорытпалар бағыты болуы мүмкін. Осы деңгейде -ХVIII-ХIХ ғасырлар жүйесінде орыс кеншісі П.Демидовтың жазбаларында да қола дәуiрiнiң кен орындары баршылығын дәлелдейді. Бірақ бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыда нақты жауаптар мен шешімдер бере алмайтынын да атап өткен жөн.

Осы деңгейде жаңа мәліметтерге сүйіне отырып Теңіз - Қорғалжын ойпатының пайда болуы жане жекелеген ірі құрылымдық табиғи элементтерінің даму барысына назар аудару ретінде, оқырман назарына ықтимал түсіндірмелер ретінде мәлімет келтіріліп отыр.

Бұл жағдай беріліп отырған картограммаларды визуализациялау арқылы байқауға болады.

Бастысы картограммада көлдің шеңбері ішінен Ақ контурлы көрсеткінің шығуы көрсетілген. Көрсеткі біршама «ойықтардың» бар екенін анықтайды. Жалғыз метеорит құлаған кезде кратер пайда болады. Метеорлық жаңбыр жауған кезде кратерлер өрісі пайда болып негізгі ось бағытында шашырау эллипсімен сипатталады.

Осы жағдайда атмосфералық құйындардың салдарынан көлемі 0,5-2,0 шақырымнан 3,5-4,0 шақырымға жететін кратерлердің бойында орналасқан көлдердің (Саумалкөл, Кіндікті, Құмкөл - бірінші бағытта; Асаубалық, Қоқай, Сұлтанкелді, Исей, Шолақ, Біртабан, Шалқар, Жәнібек-Шалқар, Ұялы - екінші бағытта; Қарасор, Тұзащы, Сұлуқұркөл, Күркілден, Алакөл, Құмдыкөл, Ащы Құмкөл, Ұзынкөл, Қарасор, Жарлыкөл, Ұзынсор,Теректысор - үшінші бағыттағы тізбектері көрсетеді (2 сурет). Болжау бойынша, бұл үлкен ғарыш фрагменті - астероид-метеорит массасының жартылай ажырауы салдарынан Теңіз көлінің кратерін құрған. Құлау кезінде бұзылған ұшқындары көлден 80 шақырым, солтүстік- шығыс бағытына созылған «боран» (борозда) түрінде және соның ішінде шағын кратерлердің тізбегін құрайды. Жалпы Теңіз көлінің диаметрі 75-90 шақырымда қалыптасқан. Ал Теңіздің маңайындағы көлдердің тізбектері ғарыштық суреттерде де көрініп, топографиялық карталарға басылып алынған. Бұл аймақтағы көлдердің құрамы ерекше, олар тұщы да, тұзды тоғанды да біріктіреді. Оған себеп - бұл аумаққа тұзды Теңіз және тұщы Қорғалжын көлдерінің қосылуы. Мұның бәрі Еуразиядағы еш жерде кездеспейтін ерекше экожүйенің қалыптасуы. Оны төмендегі суреттен байқауға болады (Төменде 3-ші сурет) Көлдер тізбектерінің бағыты саны үшеу. Жоғарғы ақ контуры бар көрсеткі көлдер тізбектерінің солтүстік бөлігін анықтайды, олар кәзіргі Жұмай - Жантеке - Сабынды ауылдарының бағыты (бірінші көлдер бағыты). Көлдердің екінші тізбегі «бораннан» (борозда) 20 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан.
Теңіз көлінің шығыс жағалауының ортасында орналасып Қорғалжын – Ұялы - Кеңбидайық ауылдарының бағыты (екінші көлдер бағыты). Көлдердің үшінші желісі «бораннан» (борозда) 50 шақырым оңтүстікте қарай Теңіз көлінің шығыс жағалауының оңтүстік бөлігінде орналасқан, ол Үшсарт- Жалғызқұдық ауылдарының бағыты (үшінші көлдер бағыты). Туған өлкенің экологиялық, геоморфологиялық зерттеулерін және осы тұрғыда Қорғалжын аймағының тарихына қызығушылық, өлкетану материалдарын толықтыруға, ұмтылуға абзал. Бұндай деректемелер де оқырманды қызықтырмай қоймайды.

Келтіріп отырған жоғарыдағы деректер Теңіз көлінің пайда болуы және құрылуы туралы гипотезалық эпизод ретінде шағын түсініктеме.

Осындай деректер келешек ұрпаққа өз жерлерінің тарихы туралы біліп қана қоймай, сонымен бірге жалпы білім деңгейінің өркендеуіне белгіленеді.
 
1.Сурет. Теңіз ойпатының рельефін радарлық спутниктен түсірілген бейнелер көріністері
2 Сурет. Көлдер тізбектері

Барлыбай Смагулов

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку