Жаңа Конституция: зайырлы мемлекет және адамның сеніміне құрмет

Задать вопрос
22 октября 2026
Жаңа Конституция: зайырлы мемлекет және адамның сеніміне құрмет

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының 7-бабында діннің мемлекеттен бөлінгені белгіленген. Діни бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі, ал оған Конституцияда көзделген мақсаттарда, соның ішінде адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін шектеулер қойылуы мүмкін.

Мемлекеттің зайырлы сипаты мемлекеттік институттардың діни қағидаларға емес, Конституция мен заңдарға сүйене отырып жұмыс істеуін білдіреді. Сонымен қатар ар-ождан бостандығы мен адамның сеніміне құрметпен қарау қоғамдық келісімнің маңызды шарты болып табылады.

Көпұлтты әрі көпконфессиялы Ақмола облысы үшін бұл қағидаттың маңызы ерекше. Өңірдің қалалары мен ауылдарында түрлі мәдениет пен діни дәстүр өкілдері өмір сүреді. Өзара құрмет, ашық диалог, мемлекеттік органдар тарапынан тең көзқарас және заң талаптарын сақтау қоғамдағы түсіністік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку