АЙБЫНДЫ ТІЛІМ – ТІРЕГІМ!

Задать вопрос
1 мая 2024

АЙБЫНДЫ ТІЛІМ – ТІРЕГІМ!

Тіл – ұлттың жаны, асыл қазынасы, намысы, тыныс тіршілігінің көзі. Ата Заңымызбен қорғалатын халқымыздың үні, тынысы мен оның тіршілігінің белгісі. Тілді құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздарына бұйырған бақ.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек» деген әрбір саналы адамға ой саларлық сөзі бар емес пе еді? Сондықтан туған тіліңді қорғау – туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ іс. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің шұбарланса — біткенің. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз атамекеніне қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Өкінішті, қазаққа қазақтан өзге ешкімнің де жаны ашымайды! Ұлтымыздың санасын өзгерту үшін туған тілге деген өзгеше бетбұрыс керек-ақ. Менің ойымша ол бетбұрыс қазақ тілін үйретуден басталады. Біздің Қорғалжын ауданында 22 орта білім беру ошағы және 1 мамандандырылған колледж бар. Барлығы мемлекеттік тілде қызмет көрсетеді. Ауданымызда сонымен қатар тілдер орталығы жұмыс жасайды. Ол мекемеде мемлекеттік тілге деген жанашырлық өте жоғары, сөзімнің айғақ-дәлелі «Тәуекел» қазақ тілі клубының жұмысы. Бұл клубта мемлекеттік тілді үйренудің өзіндік қайталанбас ерекшеліктері қалыптасқан. Соның нәтижесінде әрбір тыңдаушыға тіл үйрену өте жеңіл тиеді. Тілдерді оқыту орталығының директоры өзімнің мектеп қабырғасындағы ұстазым, білікті педагог – Мәжитова Бәтжан Мәжитқызы. Өмірінің басым бөлігін оқу-ағату ісіне жұмсаған абзал жан. Аталған мекеме Қорғалжын аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі жанынан жұмыс жасайды. Тілдер орталығындағы мамандар мемлекеттік тілді оқыту барысында үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Ресми статистикаға сүйенсек, Қорғалжын ауданы Ақмола облысы аудандары ішінен таза қазақтар санынан 97 пайыздан асатын жалғыз ғана аудан болып саналады. Мемлекеттік мекемелердегі басты іс жүргізу құралы – 100% қазақ тілі. Оны біз мақтан етеміз. Тағы бір мақтанатынымыз – ауданымыздағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттар, көше атаулары толықтай ана тілімізде жұмыс жасайды.

«Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны». Осы қасиетті ұғымды берік ұстанатын Қорғалжын өңірін мен әрқашан мақтан етемін!

 

Шоқан ЗӘКАРИН,

тіл жанашыры.

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку