Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы

Задать вопрос
4 апреля 2024

Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы

Тәрбие мен оқыту – өзара тығыз байланысты, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. 

Биылғы оқу жылындағы тәрбие жұмысында ерекшеліктер мен тәрбие бағдарламасының өзгерістері орын алды. 2023–2024 оқу жылында тәрбие жұмысы келесідей 3 құндылықпен жұмысымызды дамытудамыз. Ол құндылық негізгі 8 бағытты қамтиды. Яғни,  рухани-танымдық тәрбие; құқықтық тәрбие; экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оған қоса «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер», «Оқуға құштар мектеп»  жобасы, өзін-өзі басқару жобасы және ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстары жүргізілуде.

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басты бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 2023–2024 оқу жылында ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда жұмыс жүргізу «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «4 тоқсан – 4 өнер» жобасы шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған кластарда шара ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылады.

         Мектепте тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар өз уақытында өткізілуде. Атап айтқанда, ұлттық мүдде құндылығы бойынша әр жұма мектеп-гимназияда оқушылар ұлттық киім киіп, үлкен қоңырауларда ұлттық ойындар ойнайды.

1.     Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес әр класта ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді. Жиналыс барысында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

2.     «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында оқушылар COWORКING мобильді кітапханасында электронды оқулықтар оқиды.

3.     Мектептегі өзін-өзі басқару жобасы аясында оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларға қатысады. Жұмыс барысында мектеп президенті Балташ Асанхайырхан өзінің көшбасшылық қабілетімен мектебімізді жоғары дәрежеде көрсетіп келеді.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл оқушылардың мектеп өміріне белсене араласуының бір түрі. Бұл балалардың педагогикалық ұжыммен және басшылықпен бірлесіп оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын көздейді.

Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының бағытын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдары талқыланады. Айта кетейік, барлық өңірде  білім беру ұйымдарының жалпы тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. 
      Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. 

 

                                                                    Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ашимова Гульмира Каримжановна

 

Заказать услугу
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее время и ответим на все интересующие вопросы.
Вернуться к списку