«Желтоқсан желі...» деп осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын соққан қаһарлы қыстың ызғары тарихқа таңба болып басылып, қазақ елінің тағдырын шешкен болатын. Енді, міне Тәуелсіздігіміздің 30 жылында алғаш рет ел ішінде қаскөйлер кесірінен қақтығыс туғызып, бейбіт жатқан мемлекетіміздің тарихына «Қаһарлы Қаңтар» деген тағы бір таңба басылды. Алайда, кесірлінің көздегені, ойы қараның ойлағаны бола қоймады.

Ел басына күн туған сәтте мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұтымды әрі нақты қадамдарының арқасында лаңкестік топтардың жоспары іске аспады. Хош. Жыл басталғалы 11 күн өткен соң, ел Президенті Қ.Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінде конференциялық байланыс арқылы жаңа Үкімет басын тағайындап, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда қалыптасқан көкейкесті сұрақтар мен мәселелер бойынша ауқымды баяндама жасады.

Мемлекет басшысының баяндамасының басынан аяғына дейінгі мазмұнын жіті тыңдаған қазақстандықтардың жүрегіне тыныштық орнап, көңілдеріне күн сәулесі түскендей әсерде болдық. Себебі, ел басшысы дер кезінде тәуекелге толы шешімдер қабылдап, іс-қимылдар жасамаған сәтте қазақ халқының және Қазақстан мемлекетінің тағдыры қандай болмақ еді.?!

Сондықтан да, мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде, Президенттің айтқандарымен толық келісемін және ел болашағына үлкен сеніммен қараймын. Бүгінгі Мәжілісте айтылған мағыналы сөздер, еліміздің ертеңгі болашаққа деген айқын қадамы. Біздің күшіміз бірлікте!


Тажимова Ботагөз Сембайқызы, Қорғалжын аудандық «Нұр-Қорғалжын» газетінің бас редакторы, журналист, «Алтын Қыран» төсбелгісінің иегері

Вернуться к списку